Илья Ильин жаңа қызметке тағайындалды

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы спортшының Instagram-парақшасында жазылған

Қазақстандық ауыр атлет Ильин Илья ҚР БҒМ Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығына қызметке тағайындалды. Бұл туралы спортшының Instagram-парақшасында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, әлем чемпионы, Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша философия докторы (PHD) Илья Александрович Ильин ҚР БҒМ «Ұлттық ғылыми-практикалық дене шынықтыру орталығы» РМҚК Дене шынықтыру саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстары зертханасының бас ғылыми қызметкері лауазымына тағайындалған.

Еске салайық, биылғы қыркүйек айында қазақстандық ауыр атлет Илья Ильин ҚР спортшылар одағы Қызылорда облыстық филиалының басшысы болып тағайындалған еді.

Тегтер: