Алматыда 1500-нан астам жұмысшы қар тазалап жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қалада қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған

Алматы қаласында 4 желтоқсанда жауа бастаған қар әлі де жалғасуда. 5 желтоқсан сағат таңғы 7.00-дегі жағдай бойынша қалаға 4-6 см, таулы аймақтарға 8-10 см, тау бөктеріне 14-16 см қар түскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Көктайғақтың алдын алу үшін қар жауған кезден бастап жолдарға, қиылыстарға, жолайрықтарының кіреберістеріне, тау бөктеріне және таулы аймақтарға көктайғақтарға қарсы материалдар себіліп, қар тазаланды. Көктайғаққа қарсы 3556 тонна материал пайдаланылды. Тротуарларды, жаяу жүргіншілер аймақтарын, қоғамдық көлік аялдамаларын, автотұрақ қалталарын тазарту жұмыстары жалғасуда», - деп жазылған хабарламада.

Қаладағы түнгі қар тазалау жұмыстарына 537 техника бірлігі, оның ішінде 200 құмлақтырғыш және 576 жол жұмысшысы жұмылдырылды.  Аудандық әкімдіктер мен қала әкімдігінде қар тазалау жұмыстарын тәулік бойы бақылайтын кезекшілік ұйымдастырылған.

Тегтер: