Кей өңірде қалың тұман түсіп, жаяу бұрқасын болуы мүмкін
5 желтоқсан, яғни сенбі күнгі ауа райының қолайсыздығына байланысты еліміздің бірнеше облысында дауылды ескерту жарияланды. Бұл туралы «Қазгиромет» РМК баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысына қарасты Өскемен, Риддер қалаларында, Жаңа Бұқтырма кентінде 2 дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде және Петропавл қаласында тұман түседі.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Сотүстік-шығыстан соққан желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз жаяу бұрқасын соғады. Шығыстан соққан желдің күші күндіз кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 90-95%.