Спорттық мансабын аяқтаған UFC жұлдызы жастарды тәрбиелеп, дайындайтын промоушен тізгінін ұстады
UFC ұйымының жеңіл салмақтағы чемпионы Хабиб Нурмагомедов өзі иелік ететін EFC промоушнын алдағы уақытта қалай дамытқысы келетінін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz басылымы.
Нурмагомедов 2 желтоқсанда өткен баспасөз мәслихатында келесі жылы Қазақстанда екі турнир өткізуге ниетті екенін айтты.
«Шетелдер бойынша Ташкентпен келісіміміз бар. Наурыз айында Бішкекте де өткіземіз. Ал келесі жылы біз Қазақстанда екі турнир өткізгіміз келеді (Алматыда және Нұр-Сұлтанда). Мен сан емес, сапаға көңіл бөлгенді дұрыс көремін. Сонымен, жылына кем дегенде 12-14 турнир өткізсек деймін», - деді Хабиб баспасөз мәслихатында.
Нурмагомедов Ресейде, нақтырақ айтқанда Мәскеу, Нижний Новгород, Дағыстан, Краснодар және Самара қалаларында 6 турнир өтетінін айтты.
Еске сала кетейік, Нурмагомедов 24 қазанда америкалық Джастин Гэтжиді жеңгеннен кейін спорттық мансабын аяқтағанын мәлімдеді. UFC жұлдызы жастарды тәрбиелеп, дайындайтын промоушеннің тізгінін ұстады.
«Біз бұл ұйымды әлемдегі ең үздік ұйым деңгейіне жеткізгіміз келеді. Бұл ұйым жастардың спортшы және адам ретінде өсе алатын платформасына айналмақ. Қазір ММА турнирлері өте аз өтіп жүр, көптеген файтерлер жұмыссыз отыр», - деді Нурмагомедов.
Хабиб Нурмагомедов UFC президенті Дана Уайтпен ынтымақтастық туралы сөйлескенін атап өтті.
«Мен мынаны ойлап жүрмін: егер UFC-мен келісімшарт жасасам, менің промоушнім UFC теледидарында көрсетілуі мүмкін. UFC-ге өту үшін файтерлер EFC-де неше жекпе-жек өткізуге тиіс. Мәселен, кез келген спортшы 6 келісімшартқа қол қояды, егер ол осы уақытқа дейін титул жеңіп алса, біз оны UFC-ге жібереміз және оның істерін де өзіміз жүргізуге уәде береміз», - деді ол.