1 тамыздан бері 443 өлім тіркелді
1 желтоқсандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлерінде коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмония 68 адамнан анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
Оған қоса, өткен тәулікте коронавирустық пневмониядан 27 адам емделіп шықты.
1 тамыз – 1 желтоқсан аралығында барлығы 42215 адам ауырды, 443 өлім жағдайы тіркелсе, жазылып шыққандардың саны 30562-ге жетті.