Балалар ауруханасында жатқан 8 және 10 жастағы қыздардың жағдайы орташа ауыр
26 қарашада кешкі сағат 20:00 шамасында Талдықорған қаласы Еркін ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылып, 8 адам зардап (үшеуі - балалар) шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді.
Бүгін Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің ресми өкілі Ләйлім Әубәкірова түнгі сағат 00:45-те жарылыстан зардап шеккен 14 жастағы баланың қайтыс болғанын хабарлады. Оның денесінің 98 пайызы күйген.
Сондай-ақ облыстық ауруханада жатқан екі науқастың жағдайы ауыр. Балалар ауруханасында жатқан 8 және 10 жастағы қыздардың жағдайы орташа ауыр.