Агенттік пен Қаржы министрлігінің өкілі жауап берді
Бүгін бірқатар Telegram-каналда Қаржы вице-министрі Руслан Еңсебаевтың ұсталғаны жайлы ақпарат тарады.
«Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қаржы министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Руслан Еңсебаевтың қылмыс жасады деген күдікке алған. Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді», - деп жазды саясаттанушы Ербол Еділов.
Әзірге Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі ақпаратқа қатысты түсініктеме берген жоқ.
«Біз бұл ақпаратты растамаймыз және жоққа шығармаймыз», - деп хабарлады агенттіктің баспасөз қызметі.
Қаржы министрлігі өкілінің Azattyq Rýhy тілшісіне берген жауабында қазіргі уақытта Руслан Еңсебаевтың денсаулық жағдайына байланысты демалыста екенін айтты.