Қарағанды облысында екі кәсіпкерге 45 млн теңгеден астам мөлшерде заңсыз айыппұл салынды
Прокуратураның араласуынан кейін тағы 2 кәсіпкер қылмыстық қудалау аясынан шығарылды
Қарағанды облысының прокуратура органдары күн сайын жеке және заңды тұлғалардың өтінішін қарау туралы заңдардың қолданылуына қадағалауды күшейту бойынша шара қабылдауда.
Мәселен, «KKK ЛТД» және «Karaganda SAULET KURYLYS» ЖШС басшыларының шағымдары бойынша 45 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын жымқыру дерегімен қозғалған қылмыстық істердің тоқтатылуы қамтамасыз етілді (ҚК 189-бабының 4-бөлігі).
«Өңірдің қадағалау ведомствосы жеке сарапшылардың келтірілген залал туралы қорытындыларын заңсыз деп таныды. Іс қылмыс құрамының болмауына байланысты тоқтатылды. Бизнес субъектілерінің құқықтары қорғалды», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Осындай негіздер бойынша прокуратураның араласуынан кейін тағы 2 кәсіпкер қылмыстық қудалау аясынан шығарылды.