33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр
Қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 13 164 адам емделіп жатыр. Олардың арасында 905 бала бар. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Стационарларда 3 516 науқас жатыр. 9 648 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы, науқастардың арасында 222 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 31 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.