COVID-19: Әлем бойынша көз жұмғандар саны 1,5 миллионға жуықтап қалды

Автор: Azattyq Rýhy

Вирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты

Фото: ашық дереккөзден

Дүние жүзінде коронавирустан көз жұмғандар саны 1,5 миллионға жуықтап, вирус жұқтырғандар саны 62 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Джонс Хопкинс университіне сілтеме жасап.

ДДСҰ мәліметі бойынша, соңғы бір тәулікте коронавирус 750 мың адамнан анықталған. Коронавирус жұқтырғандар саны бойынша алғашқы бестікке АҚШ (13,4 млн), Үндістан (9,39 млн), Бразилия (6,3 млн), Ресей (2,27 млн), Франция (2,2 млн) мемлекеттері кіреді.