Қарақат Башанова екінші орын алды
Eurovision Junior 2020 халықаралық байқауы мәресіне жетті. Франциялық бүлдіршін Valentina топ жарды. Ол 200 ұпай жинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Жобаға еліміздің атынан қатысқан еді. Ол осыдан бес жыл бұрын өмірден өткен әкесіне арнаған Forever әнін орындап, екінші орынға ие болды. Жерлесіміздің еншісіне 152 ұпай бұйырды. Ал үздік үштікті 133 ұпай иеленген Испания орындаушысы қорытындылады.
Айта кету керек, коронавирус пандемиясына байланысты бұл халықаралық ән байқауының финалы телекөпір форматында ұйымдастырылып, әр қатысушы өз елінде өнер көрсетті. Ал концертті «Хабар» арнасы тікелей эфирде көрсетті.