Республика бойынша COVID-19 инфекциясынан 12 651 адам емделуде
Қазіргі уақытта еліміз бойынш коронавирус инфекциясынан 12 651 адам ем қабылдап жатыр. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгінгі таңда науқастар арасында 895 бала бар. Стационарларда 3 392 науқас жатыр. 9 259 адам амбулаториялық жағдайда емделуде», - делінген министрлік хабарламасында.
Жалпы, науқастардың арасында 214 адамның жағдайы нашар. Соның ішінде 32 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 32 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.