29 қараша күнгі ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Жексенбі күні қалың қар, қатты жел, боран болады

Фото: ашық дереккөзден

29 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде қалың қар жауады, тек батыста және оңтүстік-батыста күн райы ашық болады. Еліміздің кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болады, жел күшейіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қазгидрометке сілтеме жасап.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, түнде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл, Түркістан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы мүмкін.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, жел 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғады, желдің жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Алматы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін, Алматы облысының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.