$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
27.11.2020, 05:51
Жаңалықтар

Қостанай облысында құрылыстан 160 млн теңге жымқырғандар ұсталды

Өңірде биыл жемқорлық ісі бойынша 30-ға жуық адам жауапқа тартылды

Қостанай облысында құрылыстан 160 млн теңге жымқырғандар ұсталды
Фото: ашық дереккөзден

Қостанай облысында жыл басынан бері 

парақор басшы мен мемлекеттік қызметкерлерге қатысты 234 қылмыстық іс қозғалған. Соның 26-сы жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Жақында салынып бітпеген құрылыстан 160 млн теңге жымқырған Рудныйдағы әкімдік қызметкері ұсталды.

«Қостанай қаласы нөмірі екінші сотының үкімімен Дінмұхамбет Тілеуов қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Ішінара қосу жолымен 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды», - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі бөлімінің бас маманы Рамазан Кәкімбеков.

Рудныйдағы атышулы аттракцион шуынан шаһар басшысы қызметінен босатылды. Оны орнатқан мердігер ұйымның заңгері 8 жылға сотталса, серіктестік  құрылтайшысына халықаралық іздеу жарияланды. Тағы 5 адамға түрлі жаза тағайындалды.

Сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған 26 адамның 12-сі орталық мемлекеттік органдар және олардың құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істеген. 8-і жергілікті атқарушы органдар мен олардың ведомствалық бағынысты ұйымдарының қызметкерлері, сондай-ақ өзге де адамдарға 6 адам жатады.

Серіктес жаңалықтары