Жарылысқа тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қою себеп болған
Талдықорғанға қарасты Еркін ауылында газ баллоны жарылып, сегіз адам зардап шекті. Оның үшеуі бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Талдықорған қаласының Еркін ауылы, Қазақстан көшесінің бойындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде шағын газ баллоны (сыйымдылығы 5 литр) жарылды. Жарылыс салдарынан өрт шыққан жоқ. Алайда тұрғын үйдің қабырғалары мен шатыры қирады», - деп жазылған хабарламада.
Жарылыс салдарынан 8 адам, оның ішінде 3 бала зардап шекті. Олардың барлығы медициналық мекемелерге жеткізілді. Алдын-ала болжам бойынша, жарылысқа тұрмыстық газ баллонын жылыту үшін пештің жанына қоюы себеп болған