$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.11.2020, 21:54
Жаңалықтар

Қазақстанда заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды

Биыл 9 айда 320,2 мың литр заңсыз өнім анықталған

Қазақстанда заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда заңсыз алкоголь өнімдерін шығаратын 25 цех жабылды: Алматы қаласы – 11, Алматы облысы – 4, Шымкент қаласы - 3, Түркістан облысы – 2, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Жамбыл облыстарында – 1, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ҚР ҚМ Мемлекетті кірістер комитетіне сілтеме жасап.

«Мемлекеттік кірістер органдары 2019 жылы - 6 млн 100 мың литр, биыл 9 айда 320,2 мың литр мөлшерінде заңсыз алкоголь өнімдерін анықтаған. Заңсыз алкоголь өнімдердің 23,6% шекарадан өту кезінде және 76,4% алкоголь өнімдерін сату объектілерінде анықталды», - деп жазылған хабарламада.

Сонымен бірге, Қырғызстан Республикасымен шекарада 23,8 мың литр мөлшеріндегі этил спирті және 14,5 мың литр арақ әкелудің жолы кесілді.

Серіктес жаңалықтары