Өзбекстан азаматы қамауға алынды
Алматы полициясы жалдамалы пәтерде есірткі сақтаған Өзбекстан азаматын ұстады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлайды.
Алматыдағы Сейфуллин даңғылы мен Шевченко көшесінің қиылысында орналасқан үйлердің бірінің ауласында есірткі сақтады деген күдікпен өзбекстандық азамат ұсталды. Ақпарат расталып, ер адам тінту кезінде өз еркімен күртешесінің қалтасынан пакетке оралған ұнтақ тәрізді затты шығарған. Кейінірек тергеу тобы күдіктінің тұрғылықты жерінен сот-химиялық сараптамаға жіберілген орамдарды тауып, тәркіледі.
Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақовтың айтуынша, күдіктіге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталып, ол қамауға алынған.