Семейде мониторингтік топ 100-ден астам адам жиналған мейрамханаға 2 сағат кіре алмаған

Автор: Azattyq Rýhy

Мейрамхана жұмысшыларын қосқанда онда 120 адам болған

 25 қараша күні Семейде мониторингтік топ той жүріп жатқан тағы бір мейрамхананы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Мейрамхананың жұмысшылары есікті ашпай, екі сағаттан артық далада жүрдік. Үйлену тойына 100-ден астам адам жиналған. Мейрамхана жұмысшыларын қосқанда 120 адамнан асады. Материалдар жиналып, тиісті органдарға жіберіледі», - деді штаб жетекшісі Дариға Дайрова.

Оның айтуынша, тұрғындар шектеу шараларын елемей, отбасылық мерекелерді өткізуді жалғастырып жатыр.