Қазақстанда Назарбаев университеті үлгісінде екі жоғары оқу орны құрылады

Автор: Azattyq Rýhy

Педагог мамандардың жалақысы екі есеге артады

Фото: ашық дереккөзден

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша Қазақстанда екі өңірлік ЖОО құрылатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Педагог кадрларға сұранысты арттыру және білім беру сапасын жақсарту мақсатында олардың жалақысы екі есеге артады. Білім мен инновацияның жаһандық жүйесіне енген қазіргі заманғы зерттеу университеттері білім экономикасының негізі болуға тиіс. Назарбаев университетінің тәжірибесі бойынша кемінде екі озық өңірлік ЖОО құрылатын болады», - деді Тоқаев Nur Otan партиясының съезінде.

Бұған дейін Президент Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 2023 жылға қарай 2,5 есе өсетінін айтқан болатын. Сонымен қатар, Тоқаев Nur Otan Үкіметпен бірге партияның «Өзгеру жолы - әркімге лайықты өмір» бағдарламасына 21 триллион теңге жұмылдыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Сымбат Ғалымжан, Нұр-Сұлтан