Головкин мен Шеремета арасындағы кездесудің қашан өтетіні ресми түрде хабарланды

Автор: Azattyq Rýhy

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізді

Фото: ашық дереккөзден

DAZN стримингтік сервисі қазақстандық Геннадий Головкиннің кезекті жекпе-жегін ресми түрде жариялады.

Ол 18 желтоқсанда GGG поляк боксшысы Камил Шереметамен жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшы өзіне тиесілі IBF титулын қорғайды.

GGG соңғы жекпе-жегін өткен жылдың қазан айында өткізіп, украиналық Сергей Деревянченконы жеңген болатын.

Еске салайық, GGG мен Шеремета Холливуд қаласындағы (АҚШ, Флорида штаты) Hard Rock Holly казино-қонақүйінде кездеседі. Шоуды DAZN стриминг сервисі трансляциялайды.