Елордада 800-ге жуық автобус жүргізушісі жетіспейді

Автор: Azattyq Rýhy

Соңғы айда тағы 200 адам қызметін босатқан 

Фото: ашық дереккөзден

Нұр-Сұлтан қаласында қоғамдық көлік жүргізушілері жетіспейді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Елдің жұмысқа барар және қайтар уақыттағы қарбаласта жүктемені азайтуға автобус парктерінің күші жетпей жатыр.

«Бір бағытқа орта есеппен 15 автобус пен 30-35 жүргізуші керек. Өкінішке қарай, бізге қазір 800 автобус жүргізушісі жетпейді. Бұл екі ауысымдық жұмысты ескергендегі жағдай. Бір бағыттағы автобус 12-18 сағат желіде істесе, тиісінше, 1 автобус артығымен керек», - деді Көлікті бағдарлау департаменті директорының орынбасары Мәди Сарбасов.

Ал  Көлік саласының ардагері  Болат Әмірбеков маман тапшылығын мардымсыз жалақымен байланыстырады. Ауысымсыз ауыр жұмысқа шыдамай, тек соңғы айда тағы 200 адам қызметін босатқан екен.

Тегтер: