Ақтөбеде коронавирус белгілері бар пневмониядан 9 жастағы бала көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

Оның ауру белгілері ішек токсикалық-инфекциямен байланысты болған

Фото: ашық дереккөзден

Ақтөбеде 9 жастағы бала коронавирус белгілері бар пневмониядан көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеанасына сілтеме жасап.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің айтуынша, 11 қараша күні науқастың іші ауырып, мазасы қашқан. Оны жедел түрде Хромтау ауданының емдеу мекемесіне жатқызыпты. Жағдайы оңалмаған соң, 16 қарашада облыс орталығындағы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыстырған. Дәрігерлер сырқаттанушының өкпесі қабынғанын анықтайды. Бірақ, ПТР сынамасы коронавирустың жоғын көрсеткен. 

«Өкінішке қарай, бізде 9 жасар баланың өлімі тіркелді. Ең басты белгілері мұнда ішек токсикалық-инфекциямен байланысты болған. Яғни, бала іші ауырып, құсқан», - дейді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының орынбасары Бекболат Ізбасаров.