Алматы қаласы Түріксіб ауданының тұрғындары бірнеше жыл сусыз отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Тұрғындар жер құдық қазып алған

Фото: zakon.kz

Алматы қаласы Түріксіб ауданының тұрғындары ауыз суға мұқтаж. Тұрғындардың айтуынша, 4-5 жыл бұрын әр үйге су құбыры тартылған. Бірақ, су әлі күнге берілмеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

«Береке» тұрғын үй алабының тұрғындары амалы таусылып, өздері жер құдық қазып алған. Алайда ол, қыста қатып қалады, ал жазда ластанып кетеді екен. 

«Қазір құбыр тарту жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Толық жұмыстарды аяқтамай, су бере алмаймыз. Келер жылдың жазына дейін су беріледі», - дейді Алматы қаласы Түріксіб аудандық коммуналдық- шаруашылық бөлімінің басшысы Айдос Бекетаев.