Нұр-Сұлтанда карантин кезінде 70-тен астам адам жиналған мейрамхана анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Тағы бір мейрамханада 50-ден астам адам жиналған

Фото: ашық дереккөзден

Елорда тұрғындары карантиндік режимнің шектеу шараларын елемей, мейрамханаларда отбасылық жиындарды өткізуді жалғастыруда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Полиция департаментіне сілтеме жасап.

«Өткен демалыс күндері мобильді топ кәсіпкерліктің 404 нысанын тексеріп, карантиндік режимді бұзудың 34 фактісін анықталды. Мысалы, 21 қараша күні «Алаша» мейремханасында «Тұсау кесер» тойына арнап дастархан жайылған. Бұл шараға 50-ден астам қонақ жиналды. Сонымен қатар, өткен сенбіде «New Stars» мейрамханасында «Беташар» отбасалық шарасы ұйымдастырылып, оған 70-тен астам мейман келген. Қонақтар әлеуметтік қашықтықты сақтамай орналастырылған», - деп жазылған хабарламада.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, мейрамхана иелері мен қонақтары адамдардың көптеп жиналуы өздерінің денсаулығына, сондай-ақ отбасы мүшелеріне, яғни қарттар мен балалардың денсаулығына қатер тудыратынын түсінбей жатыр.