Тоқаев жұмыс сапарымен Қарағанды облысына барды

Автор: Azattyq Rýhy

Президент сапары аясында «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады

Фото: ашық дереккөзден

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

Президент сапар барысында құрылысы биыл аяқталған білім және спорт орталықтарының жұмысымен, пандемия кезіндегі өңірде білім беру процесін ұйымдастыру ісімен танысады.

Мемлекет басшысы бірқатар индустриалды өндіріс орындарын аралап көріп, аймақта жүзеге асырылып жатқан ірі инвестициялық жобалармен және «Сарыарқа» арнайы экономикалық аймағының даму барысымен танысады деп жоспарланған.

Сонымен қатар «АрселорМиттал Теміртау» металлургиялық комбинатына барады.