Сонымен қатар 9237 адам көз жұмды
Әлем бойынша 604 943 адамнан коронавирус анықталды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, COVID-19 жұқтырғандар саны 57,8 миллионнан асты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі RT сайтына сілтеме жасап.
«Соңғы 24 сағатта әлемде COVID-19-дан 9237 науқас көз жұмды. Пандемия басталғалы коронавирустан 1 377 395 адам қайтыс болды», - деп жазылған ақпаратта.
ДДСҰ хабарлауынша, өткен айда пандемияның алғашқы алты айында тіркелген науқастардан да көп адамнан коронавирус анықталған.