ШҚО-ның бас санитары қаулыға өзгеріс енгізді

Автор: Azattyq Rýhy

Өзгеріс 22 қарашадан бастап күшіне енді

Фото: ашық дереккөзден

Шығыс Қазақстан облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 10 қарашадағы № 24 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі. 

Атап айтқанда:

- Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Шығыс» өңірлік қолбасшылығымен, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалымен әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының бөлімдерінен запасқа шығарылатын әскерге шақыру бойынша әскери қызметшілерді әскери есепке қою орындарына, тұратын жеріне теміржол және әуе көлігімен жол жүрер алдында COVID-19-ға ПТР әдісімен зертханалық тексеруді қамтамасыз ету»

- халықпен байланыс деңгейі төмен кәсіпкерлік субъектілер:

алдын ала жазылу бойынша, келушілер үшін күту бөлмесі/залы жабық болған кезде: 

- автожуу, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу объектілері;

- жеке қызмет көрсетумен (бір клиентке): ателье, тігін шеберханалары, тұрмыстық техниканы, аяқ киімді, телефондарды, компьютерлерді, сағаттарды,  химиялық тазалауды, кір жуу орындарын, фотосалондарды жөндеу объектілері, тауарларды жеткізумен айналысатын ұйымдар, авто-экспресс (алып кететін тағамдар);

- ЖҚС (жанармай құю станциялары). 

Тегтер: