$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.11.2020, 13:52
Жаңалықтар

Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды

Бағдарлама «Nur Otan» партиясының комиссия отырысында талқыланды

Қазақстанның индустриялық даму бағдарламасын іске асыру барысы талқыланды
Фото: ашық дереккөзден

«Nur Otan» партиясының «Индустриялық-инновациялық даму бағыты» бойынша комиссиясы отырысында индустрияландыру картасы аясындағы жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Партиялық куратор, Мәжіліс депутаты Альберт Рау индустрияландыру картасын қайта жандандырудың жаңа тәсілдерін атады.

«Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау мен Индустрияландыру картасының жобаларына кепілдік беруді, индустриялық инфрақұрылым жүргізу бойынша жақсартылған шарттарды, сондай-ақ осыған орай міндеттемелердің мониторингін қарастыру қажет. Бұдан басқа, қаржыландыруға байланысты даму институттары желісі бойынша бөлінетін қаражаттың 50%-ын карта жобаларына бағыттап, Премьер-Министр мен өңірлер әкімдері арасындағы Меморандумның индикаторларына тиісті жылға енгізілетін жобалардың санын қосу қажет», - деп мәлімдеді Альберт Рау.

Өз кезегінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов еліміздің әрбір облысына қатысты толық есеп беріп, 2020 жылдың негізгі жобаларын атады.

«Биыл 995,9 млрд.теңге инвестиция көлеміндегі 18,8 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделген 206 жобаны іске қосу жоспарланған. Олардың ішіндегі 77 жоба (5,8 мың жұмыс орны) ауылдық жерлерге, 15 жоба (1 мыңнан астам жұмыс орны) моноқалаларға бағытталған. Барлық мәлімделген жобалар толыққанды жүзеге асқан жағдайда өндірілетін өнімнің жалпы күтілетін көлемі – 3 млрд АҚШ долларын, оның ішінде экспортқа шығарылатыны – 800 млн АҚШ долларына жуық қаражатты құрайды», - деп нақтылады Аманияз Ержанов.

Спикер атап өткендей, бүгінгі таңда жалпы сомасы 432 млрд теңгеден асатын 51 жоба пайдалануға берілді, 127 жобаны ағымдағы жылдың соңына дейін іске қосу жоспарланған. Сонымен қатар, 13 жобаны пайдалануға беру мерзімдерінің орындалмауы және 15 жобаны келесі жылға ауыстыру тәуекелі байқалады. Өңірлер арасында инвестиция көлемі бойынша Қарағанды (203,1 млрд теңге), Ақтөбе (138,3 млрд теңге) және Алматы (104,1 млрд теңге) облыстары көш бастап тұр. Жобалар саны бойынша - Ақтөбе (23), Шымкент қ. (21), Ақмола және Павлодар облыстары (14) алда тұр.   Талқылау барысында Альберт Рау өңірлік партиялық кураторлар тарапынан индустриялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізу қажеттігін атап өтті

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне Алматы қаласында жалғанбаған болат құбырларды өндіру кезінде тек қазақстандық болатты пайдалану; сондай-ақ Шымкент қаласының әкімдігімен бірлесіп, жыл соңына дейін металлургия зауытын іске қосуды қамтамасыз ету ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары