2 адам қайтыс болды
Сoronavirus2020.kz. сайты 2020 жылғы 22 қарашада тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония 157 адамнан анықталды және 2 өлім тіркелді. Оған қоса 99 адам емделіп шықты. 1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 41159, 427 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 30059 жетті», - деп жазылған хабарламада.