БҚО-да карантин талаптарын бұзғандарға 7 млн теңге айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Облыста карантин режимін бұзған 78 нысан анықталған

Фото: ашық дереккөзден

Батыс Қазақстан облысында қараша айынан бері карантин режимін бұзған 78 нысан анықталған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

«7 миллион теңгеден аса сомаға 123 әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттама жасалды. Жаппай іс-шара жасаған - 49 жағдай, маска режимін бұзған - 37 жағдай, сағат 23:00-ден кейін жеке автокөлікпен жүрген - 25 адам, жұмыс режимінің бұзған 11 нысан, дезинфекциялық көрпеше мен қызметкерлердің дене қызуын өлшеуге арналған құрал 1 нысанда болмады», - деп жазылған хабарламада.