Павлодар облысында коронавирус жұқтырған жүкті әйелдер саны артты

Автор: Azattyq Rýhy

Облыс бір күн бұрын «қызыл аймаққа» енген

Фото: ашық дереккөзден

Павлодар облысында бір күнде 85 адам коронавирус жұқтырды. Оның ең көбі облыс орталығында тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, облыстың төсек қорының 30%-ына науқастар жатқызылды. Стационарларда дәрі-дәрмектер мен орындар жеткілікті. 

Облыс бір күн бұрын «қызыл аймаққа» енгеніне қарамастан, дәрігерлер эпидемиялық жағдайды тұрақты дейді. Сарапшылар жүкті әйелдер арасында инфекция жұқтырғандар санының көбейгенін айтты.