Шымкент қаласы мен Алматы облысында карантин ұзартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Жаңа қаулы 22 қарашадан бастап күшіне енеді

Фото: ашық дереккөзден

Шымкент және Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің жаңа қаулылары жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy. 

«Алматы облысында карантинді жалғастыруды және кейбір шектеу шарасын енгізуді қаулы етемін. Карантин режимі мен мерзімдері COVID-19 таралуы бойынша жағдайдың өзгеруіне сәйкес өзгертілуі мүмкін», - делінген Алматы облысының бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысында. 

Жаңа қаулыға сәйкес, қоғамдық көліктің жұмысы 23.00-ге дейін ұзартылады. Бір отбасы мүшелерін қоспағанда, үш адамнан артық жүруге тыйым мен 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуына шектеу сақталады. 

Жұмысы уақытша тоқтайтын орындар: 

  • 50-ден аса отыратын орны бар қоғамдық тамақтандыру объектілерінің (асхана, дәмхана, кофе, мейрамханалардың және басқа да мекемелердің); 
  • саны 15 адамға дейінгі кезекші топтарды қоспағанда, барлық мектепке дейінгі ұйым; 
  • ойын-сауық объектілері (түнгі клубтар, көрмелер, бильярд және компьютерлік клубтар, балалар ойын алаңдары, жабық үй-жайлардағы батуттар және басқалар); 
  • оқу-жаттығу сабақтарын қоспағанда, бассейндер; 
  • ойын мекемелері, казино, құмар ойындар өткізілетін ғимараттар, үй-жайлар, құрылыстар.

Жаңа қаулы 22 қарашада 7:00-ден бастап күшіне енеді. Ал Шымкентте карантин 7 желтоқсанға дейін ұзартылды.