Синоптиктер сәрсенбі күні республикамыздың басым бөлігінде қар жауатынын айтты
Еліміздің бес облысының аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с жетеді.
Сондай-ақ Петропавлда жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
18-19 қарашада Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін. 18 қарашада Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түседі, солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді.
18 қарашада Ақмола облысында кей жерлерде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.
18 қарашада Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.