Шетелден оралған 46 қазақстандық арнайы стационарға жатқызылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оларда ПТР анықтамасы болмаған 

Фото: ашық дереккөзден

Өткен түні Қазақстанға 10 әуе рейсі келді. Шетелден оралған 46 қазақстандық арнайы стационарға жатқызылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұр-сұлтан, Алматы және Ақтау әуежайларына Түркия, Мысыр және Оңтүстік Кореядан 1200-ден астам жолаушы ұшып келген. 

Олардың 46-сы ПТР анықтамасыз оралды. Тест нәтижесі жоқ бұл азаматтар арнайы стационарға жатқызылды.

Айта кетейік, эпидемиологиялық ахуалға байланысты еліміздегі халықаралық рейстер саны қысқарған болатын.