17.11.2020, 12:23
Жаңалықтар
Токио олимпиадасы келесі жылдың жазында өтеді
Олимпиада көрермендердің қатысуымен өтпек
Фото: ашық дереккөзден
Токио олимпиадасы 2021 жылдың жазында өтеді. Бұл туралы халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Томас Бах пен Жапония премьер-министрі жазғы ойындарға қатысты мәселелерді талқылап, ортақ келісімге келді. Яғни, олимпиада кезінде жанкүйерлер жарыс алаңына жіберілетін болды. Бұған қоса халықаралық жарыстың өтетін уақыты өзгермейді. Яғни Токио олимпиадасы 2021 жылы 23 шілде мен 8 тамыз аралығында ұйымдастырылады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарысқа 100-ден аса лицензия алуды жоспарлап отыр. Қазір жерлестеріміз еншісінде 42 жолдама бар.
Көп оқылған
27.05.2026, 06:24
Астанада бетон араластырғыш көліктің астына түскен оқушы көз жұмды
27.05.2026, 07:27
Аптап ыстық пен нөсер: 27 мамырда Қазақстанда ауа райы күрт құбылады
27.05.2026, 10:05
27 мамыр күні ауа сапасы қандай болады
27.05.2026, 11:15
80 жастағы қазақстандық спортшы Кейптаун марафонын бағындырды
27.05.2026, 10:33
Қостанай облысында мектеп өртеніп кетті
27.05.2026, 11:57
Ақтөбеде көпқабатты үйлердің бірінде жарылыс болып, бір адам көз жұмды