Қазақстанда 456 бала коронавируспен ауырып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміз бойынша коронавирустық инфекциядан 9300-ден астам адам ем алуда

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 9 319 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 456 бала бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

Стационарларда 3 126 науқас жатыр. 6 193 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 220 адамның халі нашар. Соның ішінде 21 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.