Маңғыстауда бірқатар энергетик ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деп айыпталып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Барлығы 9 адам айыпталып отыр

Көрнекі фото: sputniknews.kz

Маңғыстауда энергетикалық мекеме басшылары мен лауазымды тұлғалары бар ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Қаржы мониторинг комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тергеу барысында ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің өткен жылдың наурызы мен қазаны аралығында энергетика саласында арнайы білімі бар мамандарды пайдалана отырып, Мұнайлы және Жаңаөзен қосалқы станцияларында есепке алмайтын шиналарда есептелетін кернеу және тоқ тізбектерін иіруді іске асырған. Бұл ретте, «Мангистауэнерго» МКК директоры астыртын көмек көрсеткен.

«МАЭК-Казатомпром» ЖШС, «Мангистауэнерго» МКК, «Өзенэнергосервис» МКК қызметкерлері мен басқа да тұлғаларға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 7-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа жолданды. Барлығы 9 адам айыпталып отыр.

ҰҚТ мүшелері келтірген залал сомасы 500 млн теңгеден асады. Келтірілген залалды өтеу мақсатында 110 млн теңгеден астам сомаға айыпталушылардың мүліктері мен банк шоттарына тыйым салынған.