Нұр-Сұлтандағы Алаш тасжолы уақытша жабылады

Автор: Azattyq Rýhy

Жолда жөндеу жұмыстары жүргізіледі

Фото: ашық дереккөзден

16 қарашада сағат 12:00-ден 18:00-ге дейін елордадағы Алаш тасжолы көпірінің (Бөгенбай батыр даңғылы) Уәлиханов көшесінен Орталық базар бағытында оң жақ шеткі жолағын жабу жоспарлануда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

«Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептеліс болмас үшін өз бағдарын алдын ала жоспарлауы керек. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім өтінеміз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды сұраймыз», - делінген Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының хабарламасында.