COVID-19 жұқтырған 203 адам ауыр халде жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған

Фото: ашық дереккөзден

COVID-19 жұқтырған 203 адам ауыр халде жатыр. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 882 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 464 бала бар. Стационарларда 2 970 науқас жатыр. 5 912 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 203 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 23 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 24 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.