Ауа райы: Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Республикамыздың бірқатар облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, ал солтүстік аймақта түнде қар жауады

16 қараша күні еліміздің 8 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Маңғыстау облысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болуы мүмкін. Актау қаласында 16 қарашада шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының кей аумағында жаяу бұрқасын, көктайғақ болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с.
Павлодар облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Ақмола облысының кей аумағында тұман, жаяу бұрқасын болып, солтүстік-батыстан, солтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Қызылорда облысының кей аумағында түнде және таңертең көктайғақ болуы ықтимал.
Түркістан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының түнде басым бөлігінде қар жаууы мүмкін. Кей жерлерде тұман, жаяу бұрқасын болып, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с болады.
Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын болып, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысады, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы – 85-100%.