Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 54 миллионнан асты
Пандемия басталғалы бері ғаламшарда індет құрбандарының саны 1 312 356 адамға жетті
15 қараша күні әлем бойынша COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны 54 млн адамнан асты. Бұл туралы Джонс Хопкинс университетінің мамандары мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазіргі уақытта ғаламшарымызда қауіпті инфекция жұқтырғандардың нақты саны 54 006 870 адамды құрады. Ал пандемия басталғалы бері індет құрбандарының саны 1 312 356 адамға жетті. Сондай-ақ 34,7 миллион адам коронавирустан жазылып шықты.
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК мәліметтеріне сүйенсек, бүгінгі таңда Италияда тәулігіне коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны 41 мыңға артты. COVID-19-бен ауырған 550 науқас қайтыс болды. Кампания және Тоскана облыстары «қызыл аймаққа» енді. Елде «қызғылт сары аймақтардың» қатары да кеңейіп келеді. Мемлекеттің денсаулық сақтау жүйесі көп ауыртпалық түсуде.
Ал Испанияда соңғы тәулік ішінде 21 мыңнан астам адамның COVID-19 жұқтырғаны анықталды. Сырқаттану көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда 498 жағдайды құрады. Бұл ел үкімет белгілеген шектеу енгізілетін шекті мән.
Ұлыбритания ауруханаларында COVID-19-дан 15 мыңға жуық адам емделуде. Коронавирустың көбею коэффициенті бәсеңдеп 1-ден 1,2-ге дейінгі аралықта. Ел билігі вирустың таралу жылдамдығы төмендей бастағанына қарамастан, шектеулерді жеңілдетілуі бұл үрдіске теріс әсер етуі мүмкін деп есептейді.
Францияда ахуалы нашар COVID-19 науқастарының саны 4900-ден аспайды. Жалпы елде көлемінде ауыр науқастарға арналған 7700 төсек бар. Олардың үштен екісі бос емес. Ел билігі қажеттілік туындаса, елдегі қарқынды терапиядағы орындардың санын 10400-ге дейін көбейтуге болатындығын айтады. Ел үкіметі карантиндік шаралардың жеңілдетілмейтіндігін жеткізді.
Ал Австрияда қайтадан ұлттық карантин енгізілуде. Сейсенбіден бастап далаға тек орынды себептермен шығу мүмкін болады. Мектептер қашықтықтан оқытуға көшеді, қызмет көрсету кәсіпорындары мен дүкендердің көпшілігі жабылады.