15.11.2020, 04:32
Жаңалықтар
Ақтөбе облысында интимдік қызмет көрсеткен SPA-салон анықталды
Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды
Фото: ашық дереккөзден
Ақтөбе облыстық полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері «Стоп-Трафик» жедел алдын алу шарасын өткізді. Олар интимдік қызмет көрсететін қыздарды ұсынған SPA-салонды анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Клиенттерге интимдік қызмет көрсету үшін қыздарды ұсынған SPA-салонның әкімшісі ұсталды. Ол - Ақтөбе қаласының тұрғыны. Тексеру кезінде интимдік қызмет көрсеткен екі қыз анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Қылмыстық кодекстің «Жезөкшелікпен айналысу және жеңгетайлық үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды