Күннің суытуына байланысты ұшып қону жолағына мұз қатқан
Бүгін таңертең Нұр-Сұлтан қаласынан ұшып шыққан жолаушылар ұшағы көктайғақ салдарынан Орал әуежайына қона алмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.
«Орал» халықаралық әуежайының бас директоры Хайретдин Расқалиевтің айтуынша, күннің суытуына байланысты ұшып қону жолағына мұз қатқан. Сондықтан елордадан ұшып шыққан, бортында 100-ге жуық адамы бар Air Astana ұшағын Ақтөбеге жіберуге тура келді.
«Тиісті жұмыс жасалып, ұшып қону жолағын қалпына келтірдік. Кейін аталған ұшақ Оралға келіп қонды. Қазір әуежай қалыпты жұмыс істеп тұр», - деді Х.Расқалиев.