Оралдықтар мемлекеттік бағдарламамен салынған үйлердің сапасына шағымданды

Автор: Azattyq Rýhy

Оралда былтыр ғана тапсырылған көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы жарыла бастаған

Фото: ашық дереккөзден

Оралда жаңадан бой көтерген баспаналардың кейбірі сын көтермейді. Мониторингтік топ жұрттың арызынан кейін отызға тарта тұрғын үйді аралап көрді. Нәтижесінде бір емес, бірнеше кемшілік анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Зачаганск кентінде былтыр ғана тапсырылған көпқабатты тұрғын үйдің іргетасы жарыла бастады. Ал балкондардың барлығынан жауынды күндері су кетеді, себебі талапқа сай орнатылмаған. Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бой көтерген жаңа баспаналардың көбісінде осындай олқылықтар байқалады. 

«Жарылу мәселелері болады. Ондай орындар бар. Әсіресе, үлкен бөлмелер, балконға шығатын жақтарда. Одан бөлек, бір пәтерде үйдің төбесі бүлінуі пайда болды», - дейді БҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Біржан Хайруллин.