Қазақстанда 437 бала коронавирустан емделіп жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Жалпы, науқастардың арасында 192 адамның халі нашар

Фото: ашық дереккөзден

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 8 247 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Олардың арасында 437 бала бар. Стационарларда 2 924 науқас жатыр, 5 323 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы, науқастардың арасында 192 адамның халі нашар. Соның ішінде 20 науқастың жағдайы аса қатты ауыр деп бағалануда. 27 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.