$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
13.11.2020, 11:13
Жаңалықтар

Көкшетауда 800-ден астам адам карантинде жатыр

Қала «сары аймаққа» енгізілді

Көкшетауда 800-ден астам адам карантинде жатыр
Фото: ашық дереккөзден

Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясының 255  белсенді ошағы анықталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Көкшетау қаласының бас санитар дәрігері Қанат Ысқақов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.

Қала «сары аймаққа» енгізіліп, коронавирустың 255 белсенді ошағы анықталды.

Бас санитар дәрігердің айтуынша, қалада коронавирус індетін жұқтырғандар саны соңғы аптада 2,3 есеге өскен.

«Қалада медицина саласының қызметкерлерінің арасында да ауруды жұқтырғандар көбейіп жатыр. Тек қазан және қараша айларында ғана 40 медицина маманының коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Ал жаңадан тұрғызылған жұқпалы аурулар ауруханасында 86 науқас жатқызылған. Сонымен қатар, 840 адам үй карантинінде дәрігерлердің қатаң бақылауына алынған», - дейді Қанат Ысқақов.

Естеріңізге сала кетсек, Ақмола облысының бас санитар дәрігері Айнагүл Мусинаның 10 қарашадағы қаулысымен өңірде карантин талаптары қатаңдатылып, облыс «сары аймаққа» енгізілген. Көкшетау қаласының аумағына бүгін түнгі 00:00-ден бастап ПТР анықтамасынсыз кіруге тыйым салынды.

Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы

Серіктес жаңалықтары