Автобус жүргізушісі бұрылған кезде жаяу жүргіншіні байқамай қалған
Атырауда қоғамдық көлік басып кеткен жаяу жүргінші ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі облыстық полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Атырау қаласының «Авангард» шағынауданындағы аялдамада «Ankai» маркалы маршруттық автобус 60 жастағы тұрғынның аяғын басып кеткен. Автобустың 50 жастағы жүргізушісі бұрылған кезде жаяу жүргіншіні байқамай қалған. Жедел жәрдем дәрігерлері жарақат алған азаматты облыстық ауруханаға жеткізді. Қазір аталған оқиға тексеріліп жатыр», - деп жазылған ақпаратта.