13.11.2020, 04:50
Жаңалықтар
ШҚО-да карантин кезінде той өткізген тұрғынға айыппұл салынды
Тойға 50-ге жуық қонақ келген
Фото: ашық дереккөзден
Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданының тұрғынына қыз ұзату тойын өткізгені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шектеу шараларына қарамастан қыз ұзату тойын жасаған тұрғын үйіне 50-ге жуық қонақ шақырған. Жиналғандар санитария нормаларын сақтамаған.
«Үй иесіне қатысты ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Жиналған материал облыстық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жіберілді», - деп жазылған хабарламада. Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде 128 мониторинг тобы жұмыс істеп жүр.
Көп оқылған
04.09.2026, 09:48
Күні бойы ішімдік ішкен: әжесінің қарауында қалған бүлдіршін өрттен көз жұмды (ВИДЕО)
04.09.2026, 12:42
Мойнына қалың сым орап, мәйітін каналға тастаған: Қызылордада қылмыскер 20 жылға сотталды
04.09.2026, 20:18
Түнде -2°C-қа дейін үсік, жаңбыр мен найзағай: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
04.09.2026, 11:20
Түркістанда ер адам 25 жыл отасқан жұбайын пышақтап өлтірген: 54-тегі әйел ауруханада жан тапсырды