Қостанайда бірнеше кәсіпорын жұмысшыларға жалақы төлей алмай отыр

Автор: Azattyq Rýhy

Кәсіпорынның есеп шотын мемлекеттік кіріс басқармасы бұғаттап тастаған

Фото: ашық дереккөзден

Қостанайда бірнеше кәсіпорын жұмысшыларының жалақы алмағанына екі айдан асты. Өйткені, кәсіпорынның есепшотын мемлекеттік кіріс басқармасы бұғаттап тастаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Астана» телеарнасыра сілтеме жасап.

Еңбек инспекциясының айтуынша, «Мақсат» серіктестігі жалақыға 15 млн теңге қарыз болып қалған. Анық-қанығын білеу мақсатында кеңсеге соқтық. Алайда, мәселенің мәнісін түсіндірудің орнына басшылық ат тонын ала қашты.

Олар 350-ге жуық жұмысшыға жалақы төлей алмай отыр. Еңбекақы берешегінің жалпы сомасы 70 млн теңгеден асады. Қарыздан құлағы көрінбей қалған екі кәсіпорын жақында «банкрот» болып танылды.