Соңғы тәулікте коронавирустық пневмониядан 2 адам көз жұмды

Автор: Azattyq Rýhy

1 тамыздан бері елімізде 412 адам пневмониядан қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстанда соңғы тәулікте коронавирустық пневмониядан 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 188 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 65 адам емделіп шықты.

1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 39545, 412 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 29351 адамға жетті.